• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ДӘРІГЕРЛЕРДІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОРҒАЙДЫ

17.09.2026
0

Жедел жәрдем қызметкерлері адам өміріне араша түсеміз деп басын қауіп-қатерге тігеді. Абзал жандардың мәртебесі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында Шымкентте жасанды интеллектке негізделген смарт-видеожетондар іске қосылды. Енді қызметкер арнайы батырманы баспай-ақ, «Көмек!» немесе «SOS!» деп дауыстаған бойда жүйе автоматты түрде Полиция департаменті мен жедел жәрдемнің интеграциялық орталығына дабыл жібереді.

Бұл жүйе медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда қауіпсіздік жүйесі кезең-кезеңімен күшейтілуде. Қазіргі таңда емдеу мекемелерінде жалпы саны 2722 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның 689-ы сыртқы, 2033-і ішкі аумақтарды бақылайды. Камералар қабылдау бөлімдеріне, күту залдарына, дәліздерге және дәрігерлердің қабылдау кабинеттеріне орнатылған. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметкерлері GPS жүйесімен жабдықталған смарт-бейнежетондарды пайдаланады. Осы арқылы қызметкердің орналасқан жері мен бригаданың қозғалысы онлайн бақыланады. Түсірілім барысында жедел жәрдем бригадасымен бірге шақырту түскен мекенжайға бардық. Әр секунд маңызды болатын сәтте медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы көмекті кідіріссіз көрсетті. Ал олардың қауіпсіздігі заманауи технологиялардың көмегімен қамтамасыз етілген.

Айта кетсек, Шымкенттің медициналық ұйымдарында қауіпсіздікті күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Емдеу мекемелеріндегі заманауи бейнебақылау жүйелері қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар терроризм тұрғысынан осал санатқа жататын 28 медициналық ұйымның бейнебақылау жүйесі Ішкі істер органдарының Жедел басқару орталығына қосылған. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алуға жағдай жасайды. Қазіргі таңда медициналық ұйымдарда қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру үшін жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитика жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл жүйе агрессивті әрекеттерді ерте анықтап, қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталған жүйені Ішкі істер органдарының Жедел басқару орталығымен біріктіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Previous Post

АЛА ДОП ТЕПКЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ

Next Post

МЕДИЦИНАДАҒЫ ӨЗГЕРІСКЕ БАСТАЙТЫН ХАКАТОН

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.