Атом электр станциясының қауіпсіздігі назар аудару керек басты мәселе. 20ғасырдың 80жылдары аэсте болған жарылыс салдары адами факторлар әсерінен туындаған. Алайда, халықтың атом электр станциясына деген үрейі әлі де тарқамапты. Бұл туралы шаһарымызда өткен Чернобыл ардагерлерінің кездесуінде айтылды.
Елімізде АЭС салу мәселесі кең көлемде талқыланып жатыр. Энергия тапшылығының алдын алуға бағытталған жұмыстар жайлы Чернобыл ардагерлеріде ойымен бөлісті. Аға буын өкілдері атом электр станциясы үйдегі жылудан бастап бизнесті дамытуға және кәсіпорындардың пайда болуына да керек ауқымды жоба екенін атап өтті. Ардагерлер аэс салынса да барлық қауіпсіздік талаптарына сай салынуын сұрады.
АЭС еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруда айрықша мәңге ие. Бұл – уақыт талабы. Бұл мәселеде жайбасарлық танытуға болмайды. Бәріміз де еліміздің ғылыми-техникалық прогреспен қатар дамығанын қалаймыз деген ардагерлер атом электр станциясы талай мүмкіндіктерді айқындайтынын атап өтті.
Қазақстанда энергияға деген сұраныс жыл сайын 3% ға артып отырады. АЭС салуды тезірек қолға алған жөн. Әйтпесе болашақта елімізде энергия тапшылығы болуы ғажап емес — дейді мамандар. Осы маңызды атом электр станциясын ардагерлер бір ауыздан қолдап қауіпсіздікті баса назарға аудару керек екенін айтты.