Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Фуджайра қаласында таэквондодан Fujairah Open G2 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жарыста 30 елдің 600-ден аса спортшысы бағын сынады. Қазақстандық таэквондистер төрт жас санатында жеңіске жету үшін сынға түсті.
Ақтық жекпе-жекте ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Жансель Дениз марокколық спортшыға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Турнир қорытындысы бойынша енді бір армиялық спортшы Бексұлтан Мұсахан қола жүлде еншіледі.