Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырылымды құрайды. Шырайлы қала автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болғандықтан, соңғы жылдары қалада жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда. Бүгінгі таңда жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес магистральді көшелердің бірі қазыбек би және дулати көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.Яғни асфальт жабындысы жаңартылып және жаяу жүргіншілер жолақтары сызылды. Қазіргі таңда дулати көшесінде аяқ жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяуда дулати мен қазыбек би көшелерінде көлік құралдарының қозғалыс бағыты өзгерген болатын. Басқарма басшысының орынбасары бұл өзгерістер қаланың орталығына және Солтүстігіне шығатын көліктерге жағдай жасау, кептелістердің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ , қазіргі таңда Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының екінші кезеңінде құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Құрылыс 2021 жылдың тамыз айында басталған еді. Мұндағы құрылыс белдеуіне түскен бизнес нысандары , жеке секторлар мемлекет мұқтажына толық алынған. БАҚ өкілдері екінші және бесінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. тендер деген бәсеке арқылы жол салуды ұтқан компанияның жұмысын тексеретін жол активтерінің ұлтық сапа орталығы бар. Тілшілік тіршілікте жол мәселесін жиі қозғай жүріп байқағанымыз, бұл салада маман тапшы. Шыны керек, жыл сайын республикада шамамен 10 мың шақырым жергілікті жол жаңғыртудан өтеді. Бірақ сапаға көңіл тола ма?-деген сауалды ұлттық сапа орталығының мамандарына қойып көрдік. Одан бөлек, 16 шақырымды құрайтын Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын транзиттік және басқа да автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне септігін тигізбек. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...