Керім Тіленшин көшесіндегі көпір құрылысының негізгі бөлшектері аяқталуға жақын. Соның ішінде төрт тірек қабырғаның соңғысы құйылуда. Келер аптада теміржолдың екі бетінде орналасқан бағаналар тұрғызылады. Шойын жолдың үстінен жеңіл көліктер өтетін 33 метрлік бетон арқалықтар мен бағаналарды орнату кезінде қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталуда? Бұл туралы учаске басшысы Кенжетай Рысбеков айтып берді.
Керім Тіленшин көшесін жыл соңына дейін ашу көзделген. Десе де, мұндағы теміржол үсті өткелінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқандықтан, нысанды күз айларында-ақ ел игілігіне беру мүмкіндігі бар. Бүгінде негізгі инфрақұрылымның бір бөлігі – төртінші тірек қабырға аяқталуға жақын. Одан кейін қабырғалардың арасы толықтай арнайы табиғи таспен толтырылады.












