Шымкент қаласында Республика күніне орай Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент өнімдері» қаланың тауар өндірушілерінің өңіраралық көрмесі өтті. Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің 70-тен астам кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды. Көрменің басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Көрме отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыратын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыру болып табылады. сондай-ақ іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылған. Көрмеге өз өнімдерін әкелгендер қатарында Рахат-Шымкент» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» «Бал Текстиль»кілемдер және кілем бұйымдары), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары және басқа қаланың танымал компаниялары бар. Одан бөлек, Шымкент қаласының темір торға тоғытылған сотты болған азаматтар да көрмеге өз өнімдерін шығарған. Бүгінде олар тергеу изаляторында жүріп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Қалада жұмыс істеп тұрған 1 993 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 69-і – ірі және орта өндірістер. Кәсіпорындардың 80% өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейді. 2023 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 764,3 млрд.теңгені құрады, 2022 жылға қарағанда өсім 1,5% — ды құрады. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады – 88%. Естеріңізге сала кетейік, аталған көрме қазан айынын 27-28 күндері өтіледі.
ЖЕРЛЕСІМІЗ “Mrs Gold International — 2023” АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Жерлесіміз Баян Сәбитқызы халықаралық “Mrs Gold International - 2023” байқауында топ жарды. Яғни, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Тайландта өткен...