Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды. «Қонақтар аллеясында» тамыр жайған әр тал қос шаһар арасындағы достықтың символына айналмақ.
Үшінші мегаполиске Дебрецен қаласының мэрі бастаған делегация арнайы ресми сапармен келді. Сапар аясында қос шаһар арасындағы бауырластық байланысты нығайтатын Меморандумға қол қою. Құжат екі қала арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына жол ашпақ. Ал арнайы келген қонақтар дендросаябақта ағаш отырғызып, игі бастамаға өз үлестерін қосты.
Дебрецен – Венгрияның ірі қалаларының бірі әрі экономикалық және мәдени әлеуеті жоғары шаһар. Қонақтар Шымкенттің де қарқынды дамып, туризм мен кәсіпкерлікке кең мүмкіндік ашып отырғанын атап өтті. Екі қаланың табиғаты мен даму бағыттарындағы ұқсастықтар да өзара қызығушылықты арттырған. Сондықтан жаңа бауырластық тек ресми байланыспен шектелмей, туризм мен іскерлік қатынасты дамытуға серпін бермек.
Бүгінде қаладағы көрікті орындардың біріне айналған экологиялық саябақта 74 мыңнан астам ағаш өсіп тұр. Енді олардың қатары Дебреценнен келген қонақтар еккен шынармен толықты. Егілген әр тал қос шаһар арасындағы достықтың тамырын тереңдете түспек.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare