Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында түрлі санаттағы азаматтар бар. Тұрғындар «Отбасы банк» арқылы ұсынылған тиімді бағдарламалар негізінде жаңа баспанаға ие болды.
Көптен күткен қуанышты сәт! Баспана кезегі келгенін естіген көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Енді ол балаларының болашағын өз шаңырағында жоспарлап, жаңа өмірге қадам баспақ. Салтанатты кілт табыстау рәсімінде қала әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспана алғаннан кейін де тұрғындардың жауапкершілігіне қатысты арнайы талаптары бар екенін атап өтті.
Жаңа пәтерлер Бозарық, Ақжайық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Баспаналар «Отбасы банк» ұсынған «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары арқылы берілді. Жаңа қоныс иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен толық емес отбасылар бар. Қалада тұрғын үйге деген сұраныс жоғары болғандықтан, баспана беру жұмыстары жалғасады. Тұрғын үй басқармасының мәлеметінде жыл соңына дейін тағы 3 мыңнан астам пәтер табыстау жоспарлануда.
Ал баспаналы болған әрбір жан үшін жаңа пәтер – жай ғана төрт қабырға емес, берекелі өмірдің бастауы. Шымкентте тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасып, кезекте тұрған азаматтардың да өз үйіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасалмақ.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare