Қала мектептері арасында ұйымдастырылған Шымкент жастар лигасының байқауы өз мәресіне жетті. Құны 20 миллиондық 4 шағын автобус чемпион командаларға табысталды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Жастар лигасының» үшінші кезеңі аяқталды. Бұл жоба қала жастарын үш жылдан жылдан бері салауаты өмірге бастап, спортпен шұғылдануға жол ашып келеді. Қала мектептері тек біліммен шектелмей, лигада бас жүлдеге қол жеткізу үшін арнайы бапкерлермен жұмыс жасауда. 9 айға жалғасқан тартысы бәсекенің ақтық ойындары қайта жаңартудан өткен Металлург алаңында өтті. Сайысқа қала әкімі мен зиялы қауым өкілдері, спорт шеберлері қатысты.
— Жастар лигасын өткізу мақсатымыз әр оқушының патриоттық сезімін оятып, қала, елінің абыройын асқақтату. Осы мына лигаға 2021 жылы өткізгеннен кейін мектептердің көзі жетті. «Шыныменде, 20 миллионды береді ме екен?» деген сенімсіздігі болған. Сол бірінші жылдан кейін, екінші, үшінші жылы шараға қатысушылар қатары көбейген. Әсіресе, бітіруші мектеп түлектері, 11 сынып оқушыларын әдейі дайындап, волейболдан, шахматтан, футболдан арнайы бапкерлерді алып, жаттығуда. Сондай-ақ, қаламызда спорттан бөлек жанкүйерлік ету дамып келеді. Кішкентай қыздарымыз, cheer-lider болып, бүгінгі сайыста өз командаларына қолдау көрсетуде. Әрине, оның барлығы қуантады.
Жөндеуден өткен бұл спорттық кешенде волейбол, футзал, футбол, баскетбол сынды бірнеше спорт түрімен айналысуға жағдай жасалған. Металлургтер алаңын осы «Шымкент Жастар Лигасы» байқауының ақтық кезеңіне арнайы іске қосып отырмыз,- деді қала Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылған Жастар лигасының билғы кезеңіне 151 мектептен 6000-ға жуық бала қатысып, спорттың түр-түрінен бақ сынады.Шымкент қаласы бойынша футболдан 135 команда, баскетболдан 137, волейбол ойынына 129 команда, шахматтан 132 команда қатысты. Интеллектуалды ойынға қызығушылық танытып, қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанған Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейінің оқушылары:
— Жалпы шахматпен 80% пайыз оқушыларымыз айналысады. Биылғы жастар лигасында мектебіміз екінші рет жеңімпаз! Бұл өте үлкен еңбектің арқасында. Өйткені, біздің командамыз 6-7 сыныптар арасындағы оқушыларымыз екі айдан соң болатын әлм чемпионатында 50 мемлекеттің арасында Қазақстан Республикасының оқушыларын танытады, намысын қорғайды. Жүйелі жұмыстың нәтижесі деп ойлаймын. Бұл сәтке өте қуаныштымыз бәріміз! — деп Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейінің директоры Гүлназ Әбілданева өз қуанышты хабармен бөлісті.
Спорттық шараға төрешілік жасаған 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Доп тепкен тозар» емес, керісінше, озуда. №47 мектеп-гимназиясының футбол құрамасы үздік ойын көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты. Тартысты додада болашағынан үлкен үміт күттірер жас спортшылар көзге түсіп, мадақтамамен марапатталды. Доданың басты сыйлығы 20 миллион теңгелік шағын мектеп автобустың кілті 1 орын алған төрт мектепке бұйырды. Олар: А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясы, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі және М.Х.Дулати атындағы №8 гимназиясы.