🔷 Кітап әлемі — мейірімділікке, жанашырлыққа, түсіністікке үйрететін, жан-жақтағы дүниенің әсемдігін көрсетіп, ашып беретін, жаңа мәдениеттерді тануға, кейіпкерлердің таңғажайып әлеміне баурап әкететін өзгеше бір әлем. Ал, ең кішкентай оқырмандар үшін, кітап оқу — өте қызықты әрі танымды процесс болып табылады. Ал,енді өз ортамызда кітап оқып жүрген бүлдіршіндерді байқаймызба? Жалпы шаһарымыздағы балалрға арналған кітап қорының сан? Ата ананың баласының кітап оқып, білімді азамат болып өсуіндегі атқаратын рөлі қандай?
Бүгінде, Шымкент қалалық орталыктандырылған балалар кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 418 046 дананы құраса, оның ішінде балалар әдебиеті – 390 492 дана. Ал, жасөспірімдердің кітапханаға келуі, кітап оқу соңғы жылдары тыз азайып, күрмеуі тарқатылмай тұрған мәселенің бірі. Дегенмен,баланы жастайынан кітап оқуға баулудың артықшылықтары өте көп, әрі кітап оқу баланың жарқын болашағының кілті. Оқу – үздіксіз білім алудың, жетілудің, үйренудің негізі. Оқу –адамның негізгі дағдыла- рының бірі. Бала көп оқуға машықтанса, зияткерлік дамуы қарқынды жүреді, сондықтан өмірде жетістікке жету үшін оқу, оқыған мәтінді түсіну, оны ой елегінен өткізу дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру керек. Үшінші мегаполистегі кітапханалар мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған «Ақерке» балалар залы да бүлдіршіндерді кітап оқуға ынталандырып, баланың өй өріс меторикасын дамытуда үлкен үлес қосуда. Осы тұста, балаңыздың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту өз қолыңызда. Мысалы, үй жағдайында ата-анасымен бірге кітап оқуды сүйетін бала еркін, өз-өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптасады. Ал,кітап оқу баланың одан әрі жетілуіне, тәртіпті болуына, моральді сауаттылықтың қалыптасуына бастама болады. Кітап оқу баланың ой – өрісін кеңей- теді, қиялын, шығармашылығын дамытады. Осы арқылы бүлдіршін барлық пәндерден озат, үздік болады. Баланың танымдық және дамыту қызметі анықталады, ойлауға үйренеді, есте сақтау қабiлетi жақсарады. Балалар кітаптар мен журналдардан, сайттардан, басқа да ақпарат көздерінен керекті ақпаратты жинақтап, сараптай білетін жас зерттеушілерге айналады. Қызықты жайт, ерте кітап оқи бастаған балалар ересек болғанда да көп оқиды, үйренуге, жаңа дағдыларды меңгеруге бейім келеді. Осы арқылы бала ер жетіп ересек азамат болған күндеде бұл дағдыдан айнымай кітапхана табалдырығын тоздырады. Осындай Шымқаланың зерек оқырмандарына жылына 765 мың данадан аса кітап беріледі.Ал, 2022 жылдың қортындысы бойынша кітапханаға келушілер саны 131 мың 958 адамды құраған
Оқу залына соңғы 3 жыл көлемінде 18 593 дана жаңа кітаптар қорға алынған. Онда кітап қорлары көркем шығармалармен, мектеп бағдарламасына қосымша балаларға арналған анықтамалық әдебиеттермен, танымдық, сала жанрлары бойынша балалар әдебиеттері мен қиял-ғажайып, шытырман оқиғалар, ертегілермен толықтырылған. Осыған байланысты келушілерде өз қалаған жанрдағы кітаптарын оқи алады. Жәнеде балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық кітаптар алынады. Әйгілі Шекспирдің «Кітап мен үшін тақтан да қымбат» деген сөзі арада қанша ғасыр өтсе де өз маңызын жоймай тұр. Кітаптың осындай сиқырлы қасиетін, балаға жастайынан ұғындырған жөн.