Әр ұлттың өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтары сақталған. Соның ішінде халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай қазақ халық. Әр заманның өзіне тән салты мен дәстүрі қалыптасқан. Біз ата-бабаның домбырасының үнімен, әсем әуендерімен, жыр дастандарымен жеткізген рухани мұраға бай халықпыз.
В.И.Белинскиий «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып,ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып,рудан-руға, ұрпақтан- ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас-мүсін тәрізді» деп салт-дәстүрдің ғұмырлы екенін көрсетеді.
Қазақ елінде жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы — Шымкентте орналасқан. Қазақтың тың дәстүрін терең танып білуге әлемнен мұнда түрлі туристер келуде.
Өздеріңіз білетіндей қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әр ұлт өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтарымен ерекше.
Қаламыздың мақтанышы, дәстүріміздің айнасы Салт-дәстүр орталығына әлемнің әр елінен шет ел азаматтары жиі ат басын бұрады. Мақсаты сол, еліміздің мәдени өміріне қызығушылықтарын білдіріп, қазақтың көне мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысуы жиі орын алуда.
Күні кеше Швеция мемлекетінің Стокгольм қаласындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы Мажиева Хабира ханым қонақта болды.
Хабира Азизбекқызы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия мамандары «Ұлттық салт-дәстүр», «Қол өнер» залдарын аралатып, халқымыздың қасиетті де киелі саналатын киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетті.
Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда шығармашылық — мәдени кештерді жиі тамашалап, дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтінін жеткізді.