• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖАҢА АУДАННЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

24.05.2023
0

Шымкент қаласының аумағының кеңеюіне байланысты  жаңа аудан құрылды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап өз жұмысын бастаған аумақ Шымкенттің батыс бөлігінде орналасып, шекарасы қаланың солтүстік-батыс жағынан Жаңаталап шағынауданынан Үргінбай ата мен Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады. Одан әрі Жанкелді көшесінің бойымен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта Жаңаталап тұрғын алабын, «Игілік» тұрғын алабын, солтүстікке қарай Қорғасын-2 шағынауданын айналып өтіп, Шардара көшесінің қиылысына жетеді.

Жер көлемі 36300 га құрайды. Халық саны – 220 700. 21 елді мекен бар.

Көп қабатты тұрғын үйлер саны — 544, жеке секторлар – 39 357. Олар — Арғымақ ш/а, Ақжар ш/а, Айкөл ш/а, Ақтас ш/а, Ақтас-2 ш/а, Агропром ш/а, Жаңаталап ш/а, Қорғасын-1 ш/а, Қазығұрт ш/а, Құрсай ш/а, К.Маркс ш/а, Наурыз ш/а, Отырар ш/а, Спорт ш/а, Самал-1 ш/а, Кіші Самал ш/а, Түркістан ш/а, 112 орам, №3, №4, №8 шағын аудандары мен орталық аумақтар.

Ауданда 553 көшеде 526 көп қабатты тұрғын үй және 39 357 жеке тұрғын үй бар. Бұдан өзге Тұран аумағында 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулықа сақтау мекемесі және 5 саябақ орналасқан.

Ауданның басым бөлігі жеке секторлы үйлерден тұрғандықтан инфрақұрлым мәселесі өзекті. Дегенмен, жарық, су, көгілдір отын, жол және интернет желісі тартылып халықты толыққанды қамту жұмыстары жүргізілуде.

Аудан 95,5 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Яғни, аудан аумағындағы 20 елді мекен тұрақты түрде сапалы ауыз суды, ал, қалған Құрсай елді мекені – бүгінде ауыз суды кестемен тұтынуда.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкентке жасаған сапары кезіндегі берілген тапсырмаға сәйкес, Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту құрылысы II кезең бойынша 2021 жылы басталған.

Бүгінде Құрсай I кезек бойынша, 185,5 шақырым ауыз су құбырының 95,5 %-ы орнатылды. Ал II кезек бойынша, барлығы 151 шақырым ауыз су құбырының 92 %-ы мәресіне жетті.

Құрылыс жұмысы биыл маусым айында аяқталып, абоненттеу жұмысы жүргізілетін болады. Нәтижесінде, Құрсай елді мекеніндегі 22 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Яғни, Құрсай елді мекеніндегі құрылыс жұмысы аяқталу нәтижесінде, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішісі 100 %-ға жетеді.

Ал, аудандағы елді мекендердің 99,5 пайызы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында бүгінде жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысы 2023-2024 жылдарға жүргізу жоспарланып отыр.

Көгілдір отын да халық үшін маңызды инфрақұрылымның бірі. Табиғи газ бойынша ауданда 95,5 пайыз халық табиғи газбен қамтамасыз етілген. 2022 жылы Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ елді мекендеріне газ құбырын тарту құрылысы аяқталған. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» елді мекені тарапынан газ құбырларына сынама жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, жылу маусымына дейін аталған елді мекендерге газ берілетін болады. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап е/м жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін ЖСҚ әзірленуде.

Тұран ауданы 2025 жылы толыққанды табиғи газбен қамтылатын болады.

2023 жылы Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады.

Қазіргі уақытта, Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталды. Маусым айында толық іске қосылатын болады.

Жыл соңынай дейін жарықтандырылатын көшедер тізімі:

  1. Әбдраимов (Жанаталап ш/а)
  2. Ақтас т/а орталық көшесі
  3. Народовольцев (112-ш/а)
  4. Отырар ш/а Ішкі орам көшесі
  5. Ескендіров (кіші Самал ш/а)
  6. Әбсеитов (кіші Самал ш/а)
  7. Чехов
  8. Аққыстау (Қазығурт ш/а)
  9. Балапан Ата (4 ш/а)
  10. Спорт ш/а Ішкі орам көшесі
  11. Әбдраимұлы (Самал-1 ш/а)
  12. Қойбағаров көшелерінде жүргізіледі.
  13. Металист – орталық көше
  14. Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт ш/а
  15. Мүсірепов көшесі – Қазығұрт ш/а
  16. Бақытты көшесі – Қазығұрт ш/а
  17. Қызылқұм көшесі – Қазығұрт ш/а
  18. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше
  19. Айдарқұлов – Жаңаталап е/м
  20. Таңатар — Құрсай е/м
  21. Аққыстау – Құрсай е/м
  22. Қармақшы – Құрсай е/м

* * *

2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында барлығы 13 балалар ойын алаңшасы салынатын болады.

Қазіргі уақытта Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесінде және Ақтас е/м атауы жоқ көшеде, Бәйдібек би 246 мекен-жайында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың тамыз айында толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Ал, жыл соңына дейін Тұран ауданында барлығы 13 балалар ойын алаңшалары салынатын болады.

  1. Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі;
  2. Құрсай е/м Бекболатов көшесі;
  3. Құрсай е/м Сатқанбаев көшесі;
  4. Құрсай е/м Әулиекөл көшесі;
  5. Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі;
  6. Қазығұрт е/м Оңдасынов көшесі;
  7. Отырар ш/а №52;
  8. Бәйдібек би көшесі №246;
  9. Жарқынбеков көшесі №17;
  10. 112 орам;
  11. Ақжар елді мекені;
  12. Ақтас елді мекені;
  13. Арғымақ елді мекені.

Сонымен қатар, биыл Тұран ауданында 10 ашық спорт алаңшалары арнатылатын болады.

Спорт алаңшалары орналасатын аумақтар:

  1. Отырар ш/а №15/1
  2. Отырар ш/а №41
  3. Отырар ш/а №55
  4. Отырар ш/а №13
  5. Отырар ш/а №11
  6. Орманов көшесі №40-42
  7. Құрсай елді мекені атауы жоқ көше
  8. Құрсай елді мекені Сатқанбаев көшесі
  9. Құрсай елді мекені Оңдасынов көшесі
  10. Қазығұрт елді мекені Жұлдыз көшесі

ҚҰРСАЙДА ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

 Халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметкепен қамтамасыз ету, Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі. Сондықтан да мегаполис билігі инвесторларды тарту арқылы медицналық мекемелерінің қатарын арттыруда. Бүгінде Тұран ауданы Құрсай шағынауданында тәулігіне 450 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы қызу жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен бүгін арнайы ұйымдастырылған пресс-турда журналистер танысты.

Нысан құрылысы 100 пайыз жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Бас мердігер – «Hi-tech building» ЖШС. Жеке инвестор Балтабай Асанов жаңа нысанды 2024 жылдың I тоқсанында тапсыру жоспарда екенін мәлімдеді.

Аудан әкімі Боранбай Болатбеков құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда екенін атап өтті.

Іргесі жуырда қаланса да жаңа ауданда атқарылып отырған жұмыстар қатары көп. Әсіресе әлеуметтің күнделікті тұрмыс-тіршілігіне керекті бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Дәл осы қарқынмен жұмыстар атқарылып жатса, көп ұзамай халықтың өмір сүру сапасы едәуір артатыны сөзсіз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.