• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ФОРУМ ТОҚЫМА ӨНДІРІСІН ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

24.05.2023
0

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы орталық болды. Кәсіпорындарды бір аумаққа шоғырландырған аймақтың басты мақсаты – кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, қаланың экономикасын дамыту. Инфрақұрылымды дамытудың басты факторына айналған аймақта бүгінде жалпы инвестиция құны 42.9 млрд теңгені құрайтын 25 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 2179 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр. 2010 жылдан бастап қазіргі күнге дейін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы кәсіпорындар өндірген өнім әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 22 жоба іске асырылып, 2046 жұмыс орындарын ашу көзделуде. Қазіргі таңда мұнда өндірісін өркендетіп отырған кәсіпорынның бірі Бал текстиль кілем фабрикасы. Алғашқы қазақстандық фабриканың іргетасы 2012 жылы құрылды. Бастапқыда 4 кезеңмен дамытуды мақсат тұтқан кәсіпорында бүгінде үш кезеңі толығымен жұмыс жасап отыр. 2014 жылы Елбасының өзі арнайы барып, ақ батасын берген өндіріс ошағы бүгінде керегесін кеңейтуде. Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіпкерлікке жасалынып отырған көмекті алған Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикасының құрылтайшысы Талғат Исхахов бизнесін бастағанда талай қиыншылықтарға кезіккендігін және оны табандылықпен жеңіп шыққандығын айтады.

Міне, сол қажырлы еңбектің арқасында бүгінде кәсіпорынға 10 жыл толып отыр.  Мерейтойға орай аптаның алғашқы күні Шымкентте 400-ден астам бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен  «OTANDYQ KILEM FORUMY» өтуде. Мегаполисте кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, өңіраралық ынтымақтастыққа жаңа серпін беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, саладағы жетістіктерге тоқталды.

“Жалпы, қаламызда жеңіл өнеркәсіп саласында  173 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма бұйымдарын өндіреді. Соңғы үш жылда тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10 пайызға ұлғайтылды. Тартылған инвестиция көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты” – деді М.Дүйсенбекұлы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда.  Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды.

Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы.  10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 8,5 млн.

Шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға өнім экспортталған.

Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.

Жіп өндіретін шикізатты Түркия және Иран елдерінен алдыртып жоғары сапалы жіп өндіруден бастап дүкен сөресіне дейінгі жұмыстарды атқаратын кілем фабрикасының өніміне тек қана республика ғана емес,  шетелдіктердің де сұранысы жоғары. Үш үлкен бокстан тұратын фабриканың бірінші бөлігінде үш өңдеуден өтетін полипропиленнен жіп иіру стоногы орнатылған. Жылдық қуаттылығы  4 мың тонна. Екінші бөлімі кілем тоқу цехы. Жылдық өндірістік қуаты 5 млн. шаршы метр. Онан соң сан түрлі оюмен безендірілген кілемдер соңғы желімдеу және өңдеуден өтіп көздің жауын алатындай дайын

Жұмысы жолға қойылған фабрика қалдықсыз жұмыс жасауға бағытталған. Яғни, түсі сәннен қалған жіптерді ысырап етпей мини цех арқылы күнделікті тұрмысқа қажетті арқан есіп, шашақты және кесінделген жолақтарды тоқып  шығаруды қолға алған. Өндірісін өркендетуді көздеген кәсіпкер өрісін кеңейтіп, экспорт көлемін арттыруды мақсат тұтып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.