Үшінші мегаполисте 432 отбасы баспаналы болмақ. Бүгінде шаһарда мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Дәл осы тұста, Шымкент қаласының инфрақұрлым саласы қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Тұрғындар да оңай баспаналы болуына мүмкіндік жасау мақсатында іске асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламаларыныңда қатары артып келеді. 2022 жылғы қортынды бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 1641 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген. Ал, Мегаполисте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспаналы болды. Оның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша рәсімделген. Аталған бағдарламалардың өз ерекшеліктеріде бар. Егер сіз қойған талаптарға сай келсеңіз, үйлі болу мүмкіндігіңіз жоғары деген сөз. Мысалы,
«Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған.
Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар қатыса алады.
Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез-келген азаматқа өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрғындар жайлы әрі қаланың ең әдемі жерлерінде орналасқан тұрғын үйлерге ие бола алады. Халыққа жайлы жағдай жасау үшін, және құрлыстардың сапалы жүру барысын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аралап көріп, уақытылы аяқталуы керек нысандарды тексерді. Сонымен қатар, әкімшілік іскерлік орталығы аумағынан бой көтерген 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің абаттандыру құрылысын тексерді.
Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіруді ұйымдастыруды тапсырды. Алдағы таңда, 432 отбасының бақыттына куә боламыз!