Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жылу жүйелерінің дайындығын пысықтауға арналған жиын өтті. Бүгінде қала аумағындағы жылу құбырларын ретке келтіру бойынша іс-шара жоспары мен штаб құрамы бекітілген екен.
Жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Осы орайда Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын және Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өтпек. Бұдан бөлек қазіргі таңда “3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары — Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан модернизациялық жұмыстар басталған.
Атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты өткен жылыту маусымындағы кемшіліктерді ескере отырып, барлық жылу жүйелерінде, қазандықтарда, сорғы стансаларында, инженерлік жүйелерде жоспарланған жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертіп отыр.Сондай-ақ, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тазалау, ішкі жылу жүйелеріндегі тозығы жеткен тік бағаналарын ауыстыруды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.