Шымкент қаласының қоғамдық қызмет көрсету саласы тағы 12 жаңа жолаушылар автобусымен толықты. Қалалық нөмірі №30 бағыттағы “King long” маркалы сыйымдылығы орта автобус. Қоғамдық көлік барлық техникалық жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, бейнекамералар және салқындатқыш жүйесі. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының қала ішінде қолайлы жүріп тұруына ыңғайластырылған. № 30 автобус маршруты Сайрам т/а тұрғындарына 10 кестемен қызмет көрсетеді. Жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды.
Қоғамдық көліктер қаланың әлеуметік бағытта қосқан үлесі орасан. Қала ішінде тұрғындар өзідері қалаған аялдамаңызға жету үшін бірнеше жолмен жүркүрені төйлей алады. Мысалы: “TOLEM” картасымен, карта болмаған жағдайда, автобусқа жабыстырылған QR код арқылы және СМС қосымшасы арқылы. Немесе қолма қол 100 тг төлем жасай алады.
Мемлекет басшысының халыққа қолайлы жағдай жасау тапсырмасы аясында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы 2021 жылдың қортындысы бойынша автобустардың 80% жаңартылған. Яғни, 880 автобус ел игілігі үшін қызмет атқарды. Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. Ал күнделікті тасымалға 877 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.