Шымкентте жазғы шомылу маусымына дайындық іс-шаралары басталды. Азаматтардың шомылу маусымында тыйым салынған орындарға барып, қауіпсіздік шараларын сақтамаған жағдайда соңы қайғылы оқиғаға ұласатынын ескермейтіні өкінішті. Мәселен, былтыр Шымкент қаласы бойынша су айдынына 3 адам қаза болған, оның ішінде екеуі бала. Осыған орай, төтеншелік мамандар мектеп жасындағы балаларға жүзу сабақтарын өткізген.
Сондай-ақ мамандар тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізіліп жатқанын айтты.