Қаратау ауданының аумағында инфрақұрылым жүйелерінің мәселесі жыл соңында толық шешімін табады. Аудан басшысы Мүлкеманов алғашқы тоқсанда атқарған жұмыстардың орындалуы барысына тоқталып өтті. Соның ішінде өзекті мәселелер биыл Сайрам және Қызылсу елдімекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, электр жарығы бойынша Нұртас, Тассайдағы құрылыс жұмыстары аяқталса, Тұранды абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші де 90% құраса, 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр
ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...








