Тұрлан мөлтекауданындағы №55 жалпы орта мектепте 3 мыңнан астам оқушы білім алады. Оларға 200-ге жуық ұстаз тәлім беруде. Семинарға келген орта мектептер ұжымы бүгінгі өткізілетін сабақтарға, шеберлік сыныптарына кіріп, физика-математика бойынша «Энергияның сақталу және айналу заңы» туралы, сондай-ақ «Мәтінді есептер шығару пайызға байланысты» сияқты кіріктірілген ашық сабақтарға қатысты.
Білім сапасын жақсартуда сабақтың тиімділігін, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ұйымдастырылған семинарда мектеп директоры мұғалімдердің жұмысына сәттілік тіледі.
Оқыту семинары соңында қатысушылар білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту, мәтінді түсініп оқу секілді жұмыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгерді.