Президент жаһандық мегатренд қазірдің өзінде жаһандық экономиканың дамуының басты факторы ретінде цифрлық трансформацияның шешуші рөлін айқындап отырғанын айта отырып өзінің Жолдауында шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
- Біз қазақстандық нарыққа Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және т.б. сияқты ірі бұлттық есептеуіш ойыншыларды белсенді түрде тартудамыз. Халқының 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе. Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелердің желілерімен қамту жұмыстарын күшейтуі керек, дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгінде ұялы телефонсыз және интернетсіз жүрген адамды елестету қиын шығар. Себебі, бүкіл ісің осы бір ғаламторға жіпсіз байланып тұрғаны қандай да болсын шындық. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. Сол себепті де бүгіде сапалы интернтепен қамтамасыз ету өте маңызды. Осы ретте, «Бірге радиотолқындарды аукцион форматында анықтау жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістер әзірленді. Бұл 5G желісіне көшуде маңызды рөл атқарады. Енгізілетін өзгерістерге сәйкес байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі 1000 АЕК болмақ, — деп Президентпен кездесуінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеген болатын.
Президент жүктеген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ саяжай тұрғындары сапалы интернет желісіне қосылды. Қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан талшықты оптикалық желімен қамту мәселесін шешу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде саяжайдың 11 орталық көшесіне талшықты оптика жүргізілді.
- Мичурина;
- Гагарина;
- Комарова;
- Серегина;
- Клубничная;
- Абрикосова;
- Ореховая;
- Химиков;
- Фруктовая;
- Яблоневая;
- Сиреневая.
📲Саяжай тұрғындары интернет желісіне қосылу үшін төмендегі телефон нөмірі арқылы өтінім беруге болады.
«i-LinkNet» компаниясы : 8-775-395-29-02