Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана бағдарламалары жайлы баяндап брифинг өткізді. 2023 жылы 888 арендалық баспанамен қамтылу көзделген. Оған 35жасқа дейінгі азаматтар өтінім бере алады. Жастар санаты бойынша конкурсқа қабылдау толықтай электронды портал арқылы жүргізілетін болады. Айта кетейік, “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша қала аумағындағы тозығы жеткен 6 үйді тұрғындар келісімімен бұзып,қайта жаңа кешен салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, биыл тұрғындардың баспана мәселесін шешуде “Қамқор” бағдарламасы іске қосылмақ.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдық берілетін болады. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан немесе қайталама нарықта да үміткерлер өздері тауып, сатып алады. Қарыздың максималды сомасы 20 млн теңгені құрайды. Кредит бойынша алғашқы жарна- 10%, жылдық мөлшерлеме-5%, одан әрі жылдық 3,8% -ға дейін төмендейді.