№102 жалпы орта мектебінде “Ұлттық жобалардың білім сапасын арттырудағы рөлі” тақырыбында арнайы семинар өтті. Тәжірибе алмасуға қалалық мектептерден 65 мұғалім қатысты. Мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, 11 бағыт бойынша коуч және ашық сабақтарды бақылады. Онда “оқушының өзін-өзі бағалауы”, “топтық жұмыс”, “білім беру жолдары” сияқты әдістер қамтылды. Мұғалімдер ұлттық жобалардың маңыздылығын көрсету арқылы озық әдіс-тәсілдерін көрсетті. Шара соңында, ұстаздар алған әсерлерімен бөлісіп, семинарды қорытындылады.
Жалпы, 2009-жылы 600 оқушыға арналып ашылған мектепте 60қа жуық мұғалім білім береді. Қазіргі таңда, білім ордасы 1 ауысымда оқиды. Мұғалімдердің айтуынша, сапалы білім мен тәрбиені беруде мүмкіндіктері өте жоғары.