• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – МЕГАПОЛИС ҮШІН МАҢЫЗДЫ

12.04.2023
0

Шымкент қаласы аумағының кеңеюі инфрақұрылым мәселесінің артуына алып келді. Әлі күнге дейін бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты іргелес жатқан аудандардың елді мекендеріне бүгінде инфрақұрылымдық жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Инфрақұрылыммен халықты қамтамасыз ету өте маңызды дегенмен жол мәселесінің маңызы ерекше. Жалпы Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады.Биыл 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Шымкент Сити шағын ауданы мен Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын Өтегенов көшесінің 1-кезеңінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанда болып, жұмыс барысын қадағалады.
Мұнда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер жүргізу, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.
«Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстарын тездетіңіздер. Құрылысты сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізіп, нысанды желтоқсанда тапсырыңыздар» — деді қала әкімі.
Екінші кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр, Төлеметов көшелерін қамтиды. Қазір жол негізі салынып, асфальт жабындысы төселуде. Сондай-ақ бригадалар жүргіншілер жолы мен суағарларды орнатуда.

Жолдан бөлек жарық пен көгілдір отынмен қамтамасыз ету де халық әлеуетіне қажет дүние. Мәселен, бүгінде Нұрсәт шағынауданында ескі жарық жүйелері жаңартылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі электр желілерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын қадағалады.
Осыған дейін қуаттылығы 10 кВ 2 дана электр тарату бекетінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Қазір мұнда тарату бекетінен шығатын 10 кВ кабель желісін салу, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы бригадалар тұрғын үйлерді жаңа желіге ауыстыруда. Шағынауданды сапалы жарықпен қамту жұмыстарына 30 адам 5 техника жұмылдырылған.
«Құрылыс кезінде болатын уақытша қолайсыздықтар туралы жергілікті тұрғындарды алдын ала ескертуді ұйымдастырыңыздар. Жұмыстарды маусым айына дейін аяқтау қажет» — деді қала әкімі.
Соңғы талаптарға сай жер астымен жүргізіліп жатқан 36 шақырымдық электр желілері толықтай іске қосылғанда шағынаудандағы 12 мыңнан астам абонент сапалы жарыққа қол жетізеді. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, өндірістік кестеге сай атқаруды тапсырды.

Ал, Абай ауданына қарасты Батыс елдімекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс кезінде 68,5 шақырым электр желісі тартылып, 34 трансформатор мен 2 мыңнан аса бағана орнатылды.

Бұл өз кезегінде тариф құнын да төмендетіп отыр. Осыған дейін жергілікті тұрғындар бір текше метр үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге дейін арзандайды.
Сондай-ақ биыл қос шағын аудан газбен қамтамасыз етіледі. Оның бірі Тассай шағын ауданы. Қала басшысы жуырда инженерлік инфрақұрылым жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді. Қазір елдімекенге табиғи газ, кәріз жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін газдандыру құрылысы 70 пайызға, кәріз жүйелерін жүргізу 87 пайызға аяқталған.
Инфрақұрылым жұмыстарына 60 адам, 12 техника жұмылдырылып отыр. 68,8 шақырымды құрайтын газ жүйелерінің құрылысы толық аяқталғанда 3 мыңнан астам отбасы табиғи газ көзіне қосылады. Жоспарға сай газдандыру, кәріз жүйелерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымды тиісті талаптарға сай жүргізіп, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Сондай-ақ,  Мұрат Әйтенов Солтүстік саяжай шағын ауданын табиғи газбен қамту барысын тексерді. Қазір сығымдау жұмыстары жүргізілуде.
Жуырда белгіленген орындарға абоненттік газ реттегіш шкаф пункттері орнатылады. Құрылыс толық аяқталғанда 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады.
Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ өзекті мәселелерді зерделей отырып, газдандыру жұмыстарын өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.

Халықты сапалы ауыз сумен қамту да күн тәртібіндегі мәселе бүгінде. Осы мақсатта қазір Қарабастау шағынауданында ауызсу құбырлары жүргізілуде. Елдімекенді сапалы сумен қамту жұмыстары 48% аяқталды. Ұзындығы 74 шақырым құбыр 1 жарым мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен тәулік бойы үздіксіз қамтиды. Жұмыстар биыл қараша айында толығымен аяқталады.

Алдағы уақытта ауызсу құбырын тарту жұмыстары Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.