• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРЫ ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ

22.03.2023
0

Кез-келген мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты көрсеткіш – елдің экономикасы. Ал экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.

Инженерлік инфрақұрылымға электр, газ, су, канализация, телефон, интернет кіреді.

Индустриалды аймақ аумағында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін кеңсе бөлімі, конференц-зал, қонақүй бөлмелері, асхана кешенін қамтитын әкімшілік орталық бар.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
Ел экономикасының жыл басынан бері орнықты өсіп келе жатқанына тоқталған Үкімет басшысы есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие өңірлер арасында Шымкент қаласын атап өтті.
Премьер-Министр өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында Алматы мен Шымкент қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктерді дамытуды ұсынды. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады. Қазіргі кезде халық саны 1 млн адамнан асып отыр.Бұл өз кезегінде өз кезегінде инвестиция тартудың негізгі құралы болып табылады. Сырттан қандай-да бір инвесторлар келген жағдайда, халықтың саны өсуіне көңіл бөледі. Егер халық саны қарқынды өсіп келе жатқан жағдайда, ол жерде үлкен өндірістік, қызмет көрсету жобаларды қарастыру тиімді болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылдың 21 шілдесінде арнайы экономикалық аймақтарды басқару және олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға қол қойған болатын. Елбасының тапсырмасына орай экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылатын арнайы экономикалық аймақ Шымкентте де 2010 жылы бой көтерді. Бүгінде мегаполисте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан бөлек 4 индустриалды аймақ жұмыс жасауда және 1 «Бозарық» агро-индустриалды аймағының құрылысы аяқталуға жақын қалды.
Биыл қала бюджетінің шығысына 534,3 млрд.теңге жоспарланған. Есепті кезеңге 62,6 млрд.теңге қаржы қаралып, нақты 61,9 млрд.теңгесі игерілген, яғни жоспар толықтай орындалған.
Қалада құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 70 мың шаршы метрге жеткіп, жылдық жоспар асыра орындалды. Есепті кезеңде республика аумағында 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін жеткізген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы мен Шымкентте екенін атап өтті.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Әлихан Смайылов алдағы айларда экономиканың тұрақты өсу қарқынын сақтаудың маңызды екеніне тоқталып, министрлерге өңір әкімдерімен бірлесе экономиканы әртараптандыруда, тұрақты жұмыс орындарын құруда нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалпы мегаполисте Азық-түлік белдеуін қалыптастыру мегаполистердің алдындағы міндет. Әлемдік тәжірибеге сәйкес алып шаһар  қарамағындағы елдімекендерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырады. Сондықтан да өнім беруші мен тұтынушы арасындағы байланысты реттеуде сауда-логистикалық орталықтардың маңызы зор. Осы ретте Шымкент қаласында 2015 жылы жалпы аумағы 92 гектарды алып жатқан «Сауда-логистикалық орталығы» құрылды.   Ең басты мақсаты – өзіміздің және көрші Қызылорда, Тараз қалаларының тауарларын осы жерден таралуы және реттелу тиімділігін арттыру.

Заман талабына сай орталықтың жұмысы екі бағытта өрбуде. Біріншісі – логистиканы дамыту, екіншісі — азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін құру. Тиімділігі сол, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Әуежайдан 3 шақырым, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық  тас жолынан 4 шақырым қашықтықта жатыр.

Мұнда азық-түліктің барлық түрі сақталатын болады. Орталыққа  шоғырланған аумақтың ең үлкені Континентал логистикалық компаниясы. фирмалардың өнімдері де сақталады. Азық-түліктің сан түрін сақтауға бейім компанияда көкөніс өнімдері  9-12 айға дейін, ал, консервіленген тауарлар 2-4 жыл  көлемінде сақталады. Ал, техникалық заттардың сақталу мерзімі  екі жылдан астам уақытқа созылады.  Алыс-жақын аймақтарға  жөнелтілетін тауарлар вагондар, үлкен жүк көліктерімен тасымалданады. Ал, оларды тиеу үшін Германия, Италия елдерінен әкелінген соңғы үлгідегі техникалар қарастырылған. Қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында орталық аумағында кедендік рәсімдеу орталығы да жұмыс істейді.

Тұрмыстық заттар, техникалық құралдар сынды түрлі өнімдерді сақтайтын логистикалық кешен елімізде екеу ғана. Бірі бас қаламызда болса, екіншісі үшінші мегаполисте. Алдағы таңда Алматы қаласынан да осындай кешен салу жоспары бар.

Одан бөлек Шымкент қаласы өздеріңізге белгілі инвестор тартудан еліміз бойынша көш басында. Енді міне, индустриалдық аймақтар да өзге аймақтарға үлгі болып отыр. Себебі, оның кәсіпкерлерге тиімділігі мен халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруда септігі мол.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.