Өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуді көздейтін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобаның мақсаты айқын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Яғни, 2025 жылға дейінгі іске асырылатын Ұлттық жоба — Базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруды көздейді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырудың азаматтар үшін ең айқын әсері өмір сүру жайлылығының артуы болмақ. Бұл негізгі көліктік, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы. 2025 жылға қарай маңызды нәтижелердің бірі –қаржыландырудың барлық көздерінен 236,7 мың отбасының жағдайын жақсарту болмақ. Қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауылдық жерлерде тиімдірек болады. Өйткені қазір «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымның барлық түрлерін жаңғыртуға қомақты инвестициялар бағытталуда. Жалпы қалаларда инфрақұрылымның жағдайы жақсырақ. Бірақ сонымен бірге ірі қалалардың шеттерін жайластыру, нөсерлі кәріз құбырларын қайта құру, «ескі орамдарды» жөндеу және апатты (тозығы жеткен) тұрғын үйлерді (251 үй) бұзу секілді өзекті мәселелері шешілетін болады.
Жобаның бірінші бағыты – инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру. Аталмыш бағыт мегаполисте табысты жүзеге асуда.
Бүгінде Шымкент қаласында осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең.
2021-2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша халықты баспанамен қамтуда 5 мыңға жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізді. Оның ішінде тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім-және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, бұдан бөлек жұмысшы жастар және несиелік негіздегі бюджеттік ұйым қызметкерлері бар.
Ал ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі кезегі келген әр түрлі санаттар бойынша 324 отбасы және 888 азамат жұмысшы жастар бағдарламасы бойынша арендалық пәтермен қамтылмақ .
Сондай ақ 1641 пәтер Отбасы банкі арқылы несиелік бағытта үлестірілетін болады.
Аталған Ұлттық жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағыттарын біріктіреді. Ұлттық жобаның мемлекеттік бағдарламалардан айырмашылығы, форматы неғұрлым ықшам, талдаусыз, бірінші кезекте бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз етілген нақты іс-шаралар болып табылады.
Жоба аясында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөндеу секілді өзекті мәселелердің шешілуі қарастырлған. 2021 – 2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша 100-ге жуық тұрғын үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы 40 көпқабатты тұрғын үйге қажетті деп табылған жөндеу жұмыстары жасалынбақ.