Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков гемодиализ қабылдайтын науқастармен кездесті.
Жиында қаланың бас дәрігері бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұратын науқастардың проблемалы мәселелерін тыңдап, пікір алмасты.
“Шымкент қаласында 500-ге жуық адам бүйректің терминальді жеткіліксіздігімен гемодиализ қабылдауда. Қаламыздағы диализ орталықтарының саны 6-ау. Ал бүйрек жеткіліксіздігімен қала бойынша 250-науқас есепте тұрады. Амбулаторлық-консультативті кеңесті қала бойынша 5-мекеме жүргізеді. Атап айтқанда Шымкент қалалық №2 ауруханасының емханасы, қалалық №12 емхана, қалалық №2 емхана, N13 емханасы және Диагностикалық орталық. Мұндай науқастар үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Пациенттердің мәселесі кезек күттірмейді”, — деген басқарма басшысы Н.Асылбеков жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында науқастар тарапынан айтылған мәселелер бойынша гемодиализдік орталықтардағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек бойынша мониторинг жүргізу бойынша ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ басқарма басшысы амбулаториялық бағдарламалық гемодиализге алынған науқастардың көрсетілімдері бойынша бас штаттан тыс гемодиализ бойынша маманмен бірге бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.