Шымкент қаласы білім басқармасының мектепке дейіні дамыту орталығының ұйымдастыруымен “Ақмарал” бөбекжай балабақшасында “Дана бала” жобасы аясында семинар өтті. Қазіргі таңда шаһарда 100-ге жуық балабақша бар болса, аталмыш шараға сондағы 70-тен астам тәрбиеші мен әдіскерлер жиналды.
Балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес, топтарда заттық дамытушы ортаның еркін қолжетімділігі тақырыбындағы шебер-сынып алдымен “Таңшолпан” атты ортаңғы тобында бастау алды. Мұнан соң, Ботақан, Еркетай, Әсел атты топтар да өзара өнерлерін көрсетті.
Ал, Оқу бағдарламасының нақты мақсатына келер болсақ. Бұл бағытта балалар заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімді, тәрбиеленушінің немен айналысатынын өз бетінше таңдауға, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді үйрене алады.