Шымкентте эвакуация комиссиясының отырысы өтті. Оған қала аумағындағы 123 мектептің директорлары қатысты. Ауқымды жинға шаһар басшысының бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан төрелік етіп, жауапты сала мамандарының дайындығы пысықталды.
Алқалы жиын барысында эвакуациялық жинау пунктерінің дайындығы, халықты көшіру үшін автокөліктермен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ мегаполис мектептерінің де оқыс оқиғаға қаншалықты сақадай-сай екені сараланды. Қала әкімінің бірінші орынбасары өзі аралған білім ошақтарының, жай-күйіне тоқталып ондағы оңды істер мен кем-кетіктерді ортаға салды.