Шымкентте 30 мыңға жуық меншік иесі салық міндеттемесін орындамаған. Олардың берешегі бүгінде 264 млн теңгеден асып отыр. Бұл жайында қалалық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов мәлімдеді. Спикердің сөзінше қарызын қайтаруға асықпаған азаматтарға шара көрілед. Оларға күн сайын смс хабарламалар жіберіліп, берешегінің әр күніне өсімпұл жүруде.
Елімізде салық төлеу мерзімі 1-қазанда аяқталды. Дегенмен салықтан жалтарып, берешегін өтеуге асықпайтын азаматтардың қатары азаймай отыр. Олардың ішінде өткен жылдан қалған қалдық қарызы бар тұлғаларда жетерлік. Бүгінде мүлік,жер және көлік салығы бойынша 105мыңнан астам азаматтың 1.7 млрд теңге қарызы бар.
Жүргізілген нәтижелі жұмыстар арқасында берешек сомасы 43.5 млн теңгені құрайтын 72 тұлғаның көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Олардың ішінде 23 көлік құралынан 23 млн теңге өндірілді.