Шымкентте «Қызыл диплом» фильімінің тұсауы кесілді. Аталмыш туынды қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен көрерменге жол тартты. Отандық туындыда жастар арасындағы мәселе айшықталып,шешу жолдары көрініс табады.
Толықметражды фильм Бақош есімді кейіпкердің қарапайым өмірінен бастау алып, жоғары дәрежелі басшы болуына дейін ұласады. Өзімен күрескен кейіпкерге бала кезден бірге өскен ауылдасы әрі досы қол ұшын созып, әр дайым демеп жүред. Дегенмен уақыт өте Бақош айналасындағы жандардың барлығынан алыстап, адам танысмастай деңгейге түседі. Әрі қарай оның өмірі қалай болмақ? Бұл жайында осы туындының басы қасында жүрген режиссер Серік Таласовпен сұхбат құрған едік.
Аталмыш туынды қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасыныың «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің тапсырысымен жарық көрді. Фильмге 15 млнға жуық қаржы бөлінген.
Салтанатты шараға қала әкімінің бірінші орынбасары да қатысты. Ол фильімнен алған әсерімен бөлісіп, өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ отандық туындының жарыққа шығуына үлес қосқан азаматтарға ақжарма тілегін арнап, марапаттады.