• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ARTSPORT» БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

17.11.2022
0

Былтырдан бері еліміз­де балалар мен жасөспірім­дерге арналған шығарма­шылық үйірмелер мен спорт секцияларын жүзеге асыру үшін Артспорт платформасы іске қосылды. Шымкент қаласында жеке кәсіпкерлер есе­бі­нен балаларды спорт пен өнер­­ге баулитын нысандар көптеп бой көтергені белгілі. Есесіне, мемлекет есебінен әр балаға қар­жы бөлінеді. Десек те, осынау бағдарлама бойынша жан басына шаққандағы қаржыландырудың проблемалық мәселесі әлі көп.

Бастал­ғанына бір жылдан енді асқан бұл бағ­дар­ламаның басынан қара бұлт арылмай-ақ келеді. Соңғы кездері балалардың игілігі үшін жасалып жатқан шаруаның жергілікті әкімдік тарапынан дұрыс ұйымдастырылмау фактілері жиілеп, мемлекет қаржысына қол сұғушылар көбейіп кеткен көрінеді. Артспорт бағдарламасында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің проблемалары туралы Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте талқыланды.

Үшінші мегаполисте Artsport жобасы аясында 159 қызмет көрсетуші 540 үйірмені іске қосқан. Онда балаларды тоқуға, тігуге, билеуге, сурет салуға, тіпті зергерлік бұйымдар жасауға үйретеді. Бөлінген 900 млн 798 мың теңгеден бөлек, әкімдік тағы 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы іздеуге мәжбүр болған. Осылайша, жобаны қаржыландыру көлемі 2 млрд 351 млн теңгені құраған. Оның өзінде бұл қаражат шілде айына дейін ғана жететін.

Одан кейін Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 10 млн теңге жымқырды деген күдік­пен ұсталып, тағы бір жанжал шыққаны бар. Арнайы комиссияның тексерісінен кейін кейбір үйірмелер қағаз жүзінде ғана жұмыс істегенімен, іс жүзінде талапқа сай келмейтіні белгілі болған. Ал әкімдіктің шілде-тамыз айларында атқарылған жұмыстарды қаржыландырудан бас тартуы жұмыс істеп тұрған өзге үйірмелер иесінің ашу-ызасын тудыртып еді. Бағдарламаны қаржыландыру мәселесі бойынша Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасына Өнім берушілер — ЖК Шагеева А.В., «МастерЮг» ЖШС, ЖК Игамбердиев сияқты жеке кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүгінді.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге Шымкент қаласы бойынша бас-аяғы 600 миллион теңгеге жуық қаржы төленуі тиіс. Мәселенің жуырда шешіле салмайтыны анық. Тергеу амалдары кемі жарты жыл жалғасатын көрінеді. Ал оған дейін кәсіпкерлер жалдаған ұстаздары мен жаттықтырушыларының айлығын өздері төлеп, балаларды таратып жібермеудің амалын жасауына тура келеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ПЕН ОҚИҒАЛЫҚ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің туристік әлеуетін тиімді пайдалану, өңірлердің тартымдылығын арттыру және ішкі туризмді дамыту мәселелеріне айрықша мән беріп...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТӨЛЕНЕДІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысы жүктеген әлеуметтік міндеттер аясында балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және ата-анасының...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ЖАҢА ӨНДІРІС, ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Мемлекет басшысының инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында қала шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстанның жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелі (KGIR-2026) аясында...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

САЯБАҚТАР СПОРТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

Шымкентте тұрғындарды бұқаралық спортқа тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «SHYMKENT PARK LEAGUE» жаңа жобасы іске қосылады. Бастама қала...

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

ШЫМКЕНТ – ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

Айғақ медиа
28.10.2026
0

  IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында $4,8 млрд болатын 22 құжатқа қол қойылып, мегаполистің өндірістік, көлік-логистикалық және кәсіпкерлік әлеуеті...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.