Бүгін Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында орналасқан мемлекеттік рәміздер алаңында 25 қазан — Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Айтулы іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те қатысты.
Мерекелік шараға қаламыздың еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар жиылды. Олар Әнұранды шырқап, егемендіктің символына айналған көк Туымыз биікке көтерілді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімінен соң «Ордабасы» алаңынан мерекелік авто және вело шеру бастау алды. Көк байрағымызды желбіреткен шеру қаланың орталық көшелерін аралап, жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.