• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗУ МЕГАПОЛИС ҮШІН МАҢЫЗДЫ

16.11.2022
0

Құрылыс жұмыстары мегаполис үшін аса маңызды. Оның ішінде жол құрылысы мен көпір құрылысы тұрғындардың әлеуметтік ахуалын реттеуге тіптен қажет. Бүгінде Шымшаһарда жүргізіліп отырған құрылыс жұмыстарымиллионды қаласы бар қалаға сапалы да сай болуы керек. Сондықтан да жұмыс барысымен танысу мақсатында қала әкімі Әйтенов арнайы барды.

Қазіргі таңда қалада  Өтеміс және Базарқақпа елдімекендерінде жолдар жөнделуде.

Қаратау ауданы аумағында орналасқан Өтеміс тұрғын алабында ағымдағы жылы ұзындығы 5,1 шақырымды қамтитын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

Бүгінде Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелерінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Ал ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метрді құрайтын КХ-42 көшесінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

«Сапаға жұмыс істеуіміз керек. Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек» деп, ескертті Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне.

Сондай-ақ, Базарқақпа тұрғын алабында да  Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұарт Әйтенов бұл нысанға да арнайы атбасын бұрды. Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Айтып өтейік, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.

Естеріңізде болса,  демеуші азамат есебінен Сайрам су өзені үстінен ұзындығы 18 метр, ені 5 метр болатын   аспалы көпір салынып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Өткен аптада қаланың құрылыс жұмыстарын аралау барысында Мұрат Дүйсенбекұлы Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекенжайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс  қолдау тапты.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық  аяқтауды  тапсырды.

Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.

Көшелердің тізімі:

  1. Сәуле шағын ауданыны Зерде көшесі-1000м
  2. Сәуле шағын ауданыны Көксай-2 көшесі-1200м
  3. Сәуле шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату)-250м
  4. Сәуле шағын ауданыны Бөген көшесі-1000м
  5. Сәуле шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі-600м
  6. Сәуле шағын ауданыны Жаңабазар көшесі-450м
  7. Сәуле шағын ауданыны Тұмарлы көшесі-300м
  8. Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі-900м
  9. Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі-350м
  10. Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі-200м
  11. Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі-350м
  12. Забадам шағынауданы Макаренко көшесі-350м
  13. Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы-70м
  14. Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі-560м
  15. Шәймерденов көшесі-1700м
  16. Ж.Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы-250м
  17. Республика даңғылы 19б үй аумағы-500м
  18. Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі-1500м
  19. Көк сай-1 Анарова көшесі-160м
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.