«Ордабасы» футболдан Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы атанды.
Кеше “Astana Arena” стадионында “ОРДАБАСЫ” футбол клубы Оралдық “АҚЖАЙЫҚ” клубына қарсы ойнап, 5:4 есебімен футболдан ҚР кубогының жеңімпазы атанған болатын.
Өткен жексенбіде 16:30-да Шымкент әуежайында «ОРДАБАСЫ» футбол клубының ойыншыларын қала тұрғындары, клуб жанкүйерлері, бір топ спорт сүйер қауым, әскери оркестрмен салтанатты түрде қарсы алды.
Шара әрмен қарай 17:00-де «Әл-Фараби» алаңында қала әкімдігі басшылық құрамының қатысуымен футболдан ҚР кубогын салтанатты тапсыру рәсіміне жалғасып, “ОРДАБАСЫ” футбол клубының ойыншылары жеңістерімен құттықталды.
Айта кетсек, Ордабасы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы. 2000 жылғы маусым ортасында «Жігер» мен «Томирис» клубтарының қосылуымен «Достық» деген атпен алғаш құрылған. 2003 жылы «Ордабасы» боп өзгертілді.
Көбіне жоғары лигада ойнап келеді, 2011 жылы тұңғыш рет Қазақстан кубогын, келесі жылы Қазақстан суперкубогын ұтып алады. Осы жетістіктері 2012-13 жылғы Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік берді.