Шымкентте Республика күні Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық ашылды. Тораптың ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, оның сапасын тексерді. Жолайрықтың құрылысы 2020 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылуда. Бұл нысанның құрылыс мерзімі мемлекеттік сараптама бойынша 32 айды құрайды. Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, Қонаев — Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы 2021 жылдың аяғында, көлік кептелісін азайту мақсатында, толық аяқталмай техникалық тұрғыда көлік қозғалысына ашылған болатын. Салтанатты жиынға қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы қатысып, қала тынысы үшін маңызды болып табылатын нысанда жүргізілген соңғы жұмыстарды қарап шықты. Атап айтқанда, көшеттер отырғызу, аяқжолдар салу, жер асты өткелін әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жаңада ашылған жолайрықтың шапағатын әсіресе Әл-Фараби ауданының тұрғындары көрмек. Жолайрықтың техникалық сипатына орай Д.Қонаев көшесінде 1030 метр, Рысқұлов көшесінде 684,7 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 42 метрлі төрт-алты жолақты. Жауаптылардың сөзінше, бұл торап көлік ағынын айтарлықтай азайтады. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, 2019 жылы Рысқұлов (Қонаев қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі 27775 авто/тәулік болса, бүгінде 65820 авто/тәулік өткізу мүмкіншілігіне жоғарылайды.
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ИДЕЯДАН ІСКЕ АСЫРУҒА ДЕЙІН»
Түркістан «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК және Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясымен бірлескен «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ИДЕЯДАН ІСКЕ АСЫРУҒА ДЕЙІН» атты республикалық...