“Бірлік алаңы” коворкинг орталығы ашылды. Қалалық “Достық үйінің” жанынан іске қосылған орталық — этнос өкілдерінің жан-жақты жұмысын жандандырып, білімдерін арттыруға себеп болады. Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, студент жастар қатысып, орталық ұжымына сәттілік тіледі. Республика күніне орай “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйымдастыруымен “Бірлік алаңы” коворкинг орталығы ашылды.
Мақсат — этнос өкілдері арасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің біріктіруші құндылықтары аясында, оның ішінде тіл бірлігі шеңберінде азаматтық қоғам институттарымен сындарлы диалог орнықтыру. Бұдан былай Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы 7 қоғамдық құрылым мен 17 этномәдени бірлестіктердің қатысуымен жиындар өткізіліп тұрады. Орталықта қоғам тұрақтылығын сақтауға тиімді жобаларды, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік салалық бағдарламаларды әлеуметтік гранттар арқылы қаржыландыруға ұсынымдар беру көзделеді. Сондай -ақ үздік деп танылған жобалар бойынша қалалық ассамблея мүшелері серіктес меценаттар табуға ықпал етуді жоспарлайды. Алдағы уақытта мемлекеттік тілді үйрету мақсатында түрлі бағыттар бойынша этнос өкілдеріне семинар-тренингтер ұйымдастырылып тұрады. Жиында ел бірлігі мен татулықты нығайтуға үлес қосқан бір топ азаматтың мерейі үстем болды. Оларға “Бірлік” алтын медалі мен Қазақстан халқы ассамблеясының Құрмет грамоталары табысталды.
«ЖАС МАМАН-2024» БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты...