• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

11.11.2022
0

Қаладағы әлеуметтік инфрақұрылым жұмыстары өз жалғасын табуда. Қалаға кейінен қосылған елді мекендер бүгінде толықтай заман талабына сай инфрқұрылым жүйелерімен қамтылуда. Қала аумағында жасалынып жатқан жұмыстармен егжей-тегжейлі танысу мақсатында шаһар басшысы танысты.

Абай ауданына қарасты Батыс шағын ауданында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елді мекен 2021 жылғы жұмыстар нәтижесінде толық ауыз сумен қамтылған.

Қазіргі уақытта тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан біршама жұмыстар атқарылуда. Жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес жалпы жұмыс көлемінің  55 %-ы аяқталған. 2023 жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

– Елді мекенде жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын газ құбыры тартылып, табиғи газбен қамту жұмыстары 100 %-ға аяқталған. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің газ тарту дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілуде,-деді басқарма басшысы Б.Булатбеков

Шаһар басшысы сала мамандарына жобаны сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағындағы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын да тексерді.

Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын.

Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Тұрғындардың сұранысы бойынша,  қосымша жобадан тыс көше бойына әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда.

Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады.

Қазіргі уақытта абоненттеу жүргізілуде. Жұмыс толық аяқталған соң Достық мөлтек ауданындағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Бұл туралы шаһар басшысының инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын қадағалауы барысында баяндалды.

Ал, Қайнарбұлақта инфрақұрылым мәселес 2023 жылы толықтай өз шешімін табады.

Аумақта атқарылып жатқан жұмыс сапасын кезекті рет тексеріп шыққан әкім Мұрат Әйтенов:  “Ескертулер еленбей қалмауы керек. Бірінші кезекте сапаға жіті мән береміз, ал нысандардың мерзімінен кешіктірілмей пайдалануға берілуі — негізгі шарт”,- деді қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма жүктей отырып.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Ал табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.

Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды.  Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Оған қоса, көшелерді жарықтандыру мәселесі де рет-ретімен шешілуде.

Биыл Степная, Бөлешов, №125 мектеп орналасқан көшелер жарықтандырылса, келесі жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская көшелері жарықтандырылатын болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.