• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

05.10.2022
0

Мұғалімдер күні – білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – бірқатар посткеңестік елдерде қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады. Көптеген елдердегі сияқты Қазақстанда да мұғалімдер күні оқу жылы басталғаннан кейін көп ұзамай күзде тойланады. Алда мұғалімдер мен олардың шәкірттерінің қажырлы еңбегінің айлары күтіп тұр. Кәсіби мереке өткен оқу маусымының қорытындысын шығарып, жаңа жетістіктерге қуат береді.

Ұстаз тек ілім-білім үйрететін адам емес, руханият пен имандылықтың алып жүрушісі. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны – жас ұрпақты тәрбиелеуді атқарады. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы әр мектептің өзегінде. Барлық қоғамдық саланың одан әрі дамуы, мәдениет деңгейі мен халықаралық аренадағы орны елдегі білім деңгейіне байланысты. Мұғалім – прогресстің нағыз қозғалтқышы. Сондықтан ерте заманнан бері бұл кәсіптің адамдары құрметтеліп, ең дана болып саналады.

Шымкент қалалық “Опера және балет”театрында «Жарық нұры ғаламның» атты Ұстаздар күні қарсаңында мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан шаһар басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.

-Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолына қажетті баға жетпес байлық —  білім бересіздер. Сонымен бірге, қаламыздың абыройын асқақтатып отырсыздар. Сіздердің арқаларыңызда Шымкент қаласының оқушылары халықаралық және республикалық пәндік білім сайыстарынан 10 алтын, 17 күміс, 33 қола жүлдені жеңіп алды. 200-ден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді.

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай Елін сүйетін, білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз,-деді М.Әйтенов.

Білім беру саласы — қаладағы негізгі жүйе құраушы сала. 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студентті қамтиды. Бұл — әрбір үшінші шымкенттіктің осы жүйеге қатысы бар деген сөз.

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолда өрлеу мен өсу тілеген қала әкімі М.Әйтенов салтанатты жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызын, “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен №28 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрманбекова Қарлығаш Жаркынбекқызын марапаттады.

Бірнеше ұстазға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Құрмет Грамотасы” мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар әрбір ұстазға шаһар басшысының ықылас гүлі тарту етілді. Жалпы, мұғалімдер күні – маңызды мерекелердің бірі. Жылдан жылға педагогтар әр отбасының, бүкіл мемлекеттің игілігіне күш-қуатын беруде. Кәсіби мерекеде тағзым етіп, шексіз алғыс айту – білім нәрімен сусындап жүрген жандарға деген құрмет пен алғыс.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚҰҚЫҚЫТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚҰҚЫҚЫТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте Жаңа Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Соның аясында Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде дөңгелек үстел өтті. Жиында...

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ КӨПІРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Айғақ медиа
06.07.2026
0

Керім Тіленшин көшесіндегі көпір құрылысының негізгі бөлшектері аяқталуға жақын. Соның ішінде төрт тірек қабырғаның соңғысы құйылуда. Келер аптада теміржолдың екі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.