Мегаполиске көпқабаты үйлердің қатары көп болуы маңызды. Себебі, халқы күн санап өсіп келе жатқан қалаға инфрақұрлым жүйелерін жүргізу тиімділігін арттыру үшін көпқабатты үйлердің қатарының көп болуы маңызды. Сондықтан да жаңадан бой көтеріп отырған шағын аудандарда мұндай тұрғын үйлерді салу жолға қойылып келеді. Жуырда мегаполисте ең биік тұрғын үй ел игілігіне беріледі. 12 мен 25 қабаттан және 20 блоктан тұратын “Capital City” тұрғын үй кешені үшінші мегаполистегі ең биік болмақ. Жалпы ауданы 5 га, “Шымкент сити”-ден бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды.
Жаңа тұрғын үй кешенін көруге арнайы барған қала әкімі М.Әйтенов мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.
Кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.
Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады.