Қазақстан Республикасы Президенті К.К Токаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды Жалпы ішкі өнімнің 5%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша орташа айлық жалақыға кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған. Дәрігердің орташа жалақысы 2023 жылға қарай 561 мың теңгені, орта буын медициналық қызметкерлерге-209 мың теңгені құрайды.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз отырысында мәлімдеді. Бұдан бөлек Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделгенін айтып, алдағы жоспарларға тоқталды.