Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясының күн тәртібінде қаралған Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағын 7 азаматқа беру туралы ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан шешім қабылданды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Абдулла Ахметов, Тілеуберді Бинашев, Қалыйма Жантөреева, Дархан Мыңбай, Кенжехан Төлебаев, Әбдіжаппар Оңалбаев, Сексенбай Тұрысбеков сынды ел ағаларының еңбегі бұл атаққа лайық деп танылды.
1. Абдулла Ахметов — «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК ОҚО филиалының директоры
Еңбек жолын 1972 жылы Кентау қаласындағы «Мыргалымсайсвинецстрой» тресінің құрылыс материалдар комбинатында мастер қызметінен бастаған.
1973-1980 жылдары трест «Мырғалымсайсвтнецстрой» комсомол комитетінің хатшысы, Кентау қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Мәскеу қаласының БЛКЖО Орталық комитетінің Украина және Молдавия Республикалары бойынша жауапты ұйымдастырушысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1980-1982 жылдары Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, 1992-1996 жылдары – ЖШС «Зият» Фирмасы, ЖШС «Алемимпекс» фирмасының директоры, «Оңтүстік» акционерлік-өндірістік жеткізу және өткізу компаниясының коммерциялық фирмасының директорының орынбасары, 1996-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі еңбек басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі аппаратының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің батығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бастығы, бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры қызметтерде жұмыс атқарды. Ал, 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек қорғау жөніндегі ғылымы-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметің атқарып келеді.
Қызмет атқарған жылдар ішінде халық депутттары облыстық Кеңесінің депутаты болып 2 рет сайланған.
Түркістан, Кентау қалаларының және Шардара ауданының Құрметті азаматы атағының иегері.
2. Тілеуберді Бинашев — «Өнер ордасы музейі» ЖК –нің директоры, көркем академиясының академигі
Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында дүниеге келген. Бала кезінен мүсін өнеріне қызығып, ағаш жонып, тастарды қашап, мүсінмен әуестенген. Халқымыздың басынан кешкен түрлі оқиғаларға байланысты композициялық монументтер жасаған. Жасаған дүниелерінің ішінде Абылай хан, Кейкі батыр, Қарасай батыр, Шақшақ Жәнібек, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлы, Шәмші Қалдаяқов, Дінмұхаммед Қонаев, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова сияқты тарихи тұлғалар мен қоғам, әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің мүсінін жасаған. Шаңырағын шағын мұражай-көрмеге айналдырған. Мүсіншінің еңбектері бірнеше республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.
Арыс қаласындағы орталық алаңда эпостық жырға сүйенген, сәтті бейнеленген «Мұңлық-Зарлық» символикалық ескерткішін тұрғызды. Туған жерінде Алатау батыр ескерткіші орнатылған.
Түркістан қаласы оқушылар сарайының алдында Абай, Түркістан қалалық музыкалық драма театрдың алдында Әл-Фараби және «Ақжайық» музыка мектебінің алдында Шәмші Қалқаяқовтың ескерткіштері қойылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алдында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа биіктігі – 4 метр, тұтастай қоладан құйылған ескерткіші орнатылды.
«Мұңлық-Зарлық», «Керей-Жәнібек», «Баба рухы» монументтері, Қажымұқан, Абылайхан, Құрманғазы, Күләш Байсейтова ескерткіштері Т.Бинашевтің өнердегі эпикалық кең құлашын көрсетеді. Лирикалық лебі бар «Атамекен», «Әуен», «Сырласу», «Байырқұмның баласы», «Көктемгі жаңбыр», «Сүйінші» «Қиял» «Бинаш ата», «Аршагүл ана», «Байырқұмның қыздары», «Кемпірқосақ», «Дала қызы», «Сыр бойы» «Сағыныш» және т.б. туындылары туралы көп сөз айтуға болады.
Марапаттары : ҚР Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері», «Алпамыс батыр» медалі, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», ҚҚ «ҚР Көркем Академиясының Академигі, Арыс қаласының «Құрметті Азаматы», «Талғат Бигельдинов» атындағы медалі, «Сағадат Нұрмаханбетов» атындағы медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Алтын адам» сыйлығының мүсіншісі.
3. Қалыйма Жантөреева — «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары
Жантореева Калыйма 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, қазіргі Отырар ауданы Отырабат станциясында дүниеге келді. Білімі жоғары. Қарағанды кооперативтік институтын, Алматы экономикалық университетін, Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеттерін үздәк бітірген. Мамандықтары: тауартанушы, экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару .
Еңбек жолын Қызылқұм ауданы Шәуілдір селосындағы тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында 1975-1977 жылдары тігін мастері болып бастады. 1979 жылы «Культхозгалантерея» базасына тауартанушы, 1992-1993 жылдары бөлім бастығы, 1993-1997 жылдары директордың орынбасары 1997-2006 жылдары директор қызметін атқарды. Аталған мекеме жылдан бастап «Коопсауда» ЖШС болып өзгертілді.. «Отан» партиясының 2006 жылғы қыркүйегінде өткен облыстық партия конференциясында Оңтүстік Қазақстан Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары болып сайланып, күні бүгінге дейін қызмет атқаруда. Облыстық Саяси Кеңесі Бюро мүшесі.
Мемлекеттік наградалары «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдары, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хаты, «Халық алғысы» медалі марапатталған. Сайрам және Отырар аудандарының құрметті азаматы. 2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылына орай өткізілген Мәскеудегі жиында Қазақстан делегациясы құрамында болған. 2018 жылы Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саяси партиялар форумына «Nur Otan» партиясынан делегат болып қатысқан. «Үзілген бойтұмар» кітабының, бірнеше брошюралардың авторы. Шығармашыл, ұдайы республикалық, жергілікті басылымдарда эксперттік пікірлері, авторлық мақалалары жарық көріп тұрады. Облыстық спикелер пулы мүшесі. 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының балалар үйінде тәрбиеленуші 585 жетім баланы тегін медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырды. Республикалық педиатрия институтынан арнайы 10 балалар дәрігері шақырылып, 12 күн бойы облыста жетім балалардың денсаулықтары тексеріліп, 17 бала Алматы, Астана қаласында квотамен ем қабылдаған. «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институты ғалымдарымен бірлесіп, «Қола дәуірге саяхат», «Сырлы Созаққа саяхат» этнографиялық экспедицияларын ұйымдастырып, Ақбикеш мұнарасының 100 киелі жер тізіміне енуіне мұрындық болған. Ұлттық ою-өрнектерді зерттеп қана қоймай, отбасымен түгелдей қолөнер кесте, қазақи киім тігумен айналысады. Немерелерін ұлттық тәрбиеге, музыкага баулиды, шеберлік сабақтарын өткізеді, этнопедагогиканы насихаттайды. Отбасылы: 2 ұл, 6 немересі бар.
Калыйма Жантөреқызы Праймеризде бірінші орынды иеленіп, жоғары рейтингпен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Облыстық партия филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесінің төрағасы. Руханиятқа, отбасы мәселелеріне, ана мен баланы қорғау, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім және денсаулық салаларына басымдық береді. Ана мен баласы бақытты мемлекет ең мықты мемлекет деп санайды.
4. Дархан Мыңбай — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі
Сайрам ауданындағы «Қайнарбұлақ» совхозының жұмысшысы, ҚазТАГ редакторы, аға редакторы, аға бақылаушы әдеби редакторы, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің аға кеңесшісі, аға референті, «Өркениет-Горизонт» республикалық газеттерінің бас редакторы, «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, ОҚО әкімінің орынбасары, облыстық Жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Түлкібас ауданының әкімі, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Ұлттық музейінің директоры, ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі. 2018 жылғы 13 ақпаннан бастап VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2021 жылғы 15 қантардан бастап VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Техника ғылымдарының кандидаты
5. Әбдіжаппар Оңалбаев — еңбек ардагері
1975 жылы Шардара ауданындағы Сүткент племзаводына директор болып тағайындалды. 1985 жылы «Ленин» орденді Мақтарал совхоз-техникумына директор; 500 трактор, 180 мақта теретін машиналарды тиімді пайдаланып, 26-27 мың тонна мақтаны толық машинамен теруді, 1989 ж 7 мың гектар мақталықтың өнімділігін 36,3 центнерге жеткізіп 100 пайыз машинамен теруді, 1992 ж алғаш рет 500 гектар мақталықты тамшылатып суғару, оны компьютермен басқаруды ұйымдастырды. Экологияға кері әсер тигізбеу, мақташылардың деңсаулығын сақтау мақсатында дәрі және химикат шашатын 8 ұшақтан алғашқы күннен ақ бас тартып, бағыттағы барлық жұмысты жердегі машинамен атқаруды ұйымдастырды.
-
Шаруашылық көлемінде 15 скважина қазып (427 метрден), тәтті су шығарып Мырзашөлде бірінші болып халыққа тәтті су ішуге қол жеткізді.
-
Ильич (Атакент) поселкісінде канализация және оны тазалау процессі іске қосты. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында Батыс Еуропадан тайыншалар әкеліп, сауын сиырларды көбейтіп бір күнде совхоз бойынша 17 тонна сүт өткізуді қамтамасыз етті.