Бүгін Еңбекші ауданына қарасты Күншығыс шағынауданы 40, 41, 42, 66, 67 үйлераулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оған Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Сенбілікте балалар ойын алаңшаларындағы ойын элементтерін және орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратын ағаш бұтақтары қырқылып, аула сыпырылды.
Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына жауапты ЛТД Тұрмыс ЖШС, Бəйтерек ЛБ ЖШС, НұрТау сервис ЖШС, Арнайыавтокөлік ЖШС, Инком ЖШС,
ИП Борақпаев. Bilb Stroi ЖШС,Техэкосервис ЖШС-ы тарапынан
10 арнайы техника мен 150-ге жуық адам жұмылдырылды.
Ауданның тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.