Ғалымжан Молдабайұлы Ильясов Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ғалымжан Молдабайұлы 1970 жылы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт ауылында дүниеге келген. 1987 жылы К.И.Скрябин атындағы Мәскеу мал дәрігерлік академиясында зооинженер мамандығы және 2003 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алған.
Алғаш еңбек жолын 1993 жылы «Қазығұрт» ЛТД өндірістік коммерциялық фирмасы ет комбинатының бас технологы қызметінен бастаған.
2013 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Еңбекші ауданының әкімі лауазымында абыроймен қызмет атқарды.
Ендігі кезекте Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын Мәскеудің академиясын бітірген түлек өз біліктілігін көрсетеді деген сенімдеміз.
Жаңа қызметте сәттілік тілейміз!