Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының бірінші сессиясы басталуда. Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралады деп күтілуде.
Олар:
1. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
2. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
3. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
4. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағаларын сайлау туралы.
5. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Айта кетейік, аптаның сәрсенбі күні өткен Түркістан облыстық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының шешімімен Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына 45 үміткер ұсынылған. Оның ішінде 37 мандат «Nur Otan” партиясынан, 4 мандат «Ақ жол» және 4 мандат «Ауыл» партиясынан үміткер атанған болатын.