Экономикасы тұрақты дамып, азаматтардың әл-ауқаты жақсарып келе жатқан мемлекетте, алаяқтық қылмыстарымен күресу бүгінгі таңның аса өзекті мәселелерінің қатарында.
Алаяқтық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес — бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа да қылмыстар жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағаның анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады.
Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады. Ақшаны заңсыз алу үшін қылмыскер әдетте болашақ жәбірленушіге шын мәнінде орын алған тәрізді оқиғалар мен жағдайлар туралы, немесе іс жүзінде орын алғанымен, бұрмаланған деректер туралы мағлұмат береді. Осы мақсатпен көбінесе өте қу амалдар қолданылады.
Алаяқтық бөтеннің мүлкін заңсыз айналдырудың ішінде жалған құжаттар арқылы алдау әдісі көп қолданылады. Жалған құжаттарды беріп отырып, алаяқ оған бөтен мүлікті алуға құқық беретін тәрізді алдамшы фактілерді немесе жағдайлардың бар екендігін растайды. Сөйтіп, ол иелігінде мүлкі бар адамды шатастырады.
Алдау арқылы қылмыскердің оған ақшаның, мүліктің және т.б. өз еркімен берілуіне қол жеткізетіні осы қылмыстың ең негізгі және өзіне тән қасиеті болып табылады. Айналасындағы адамдарға алаяқ адал болып көрінеді. Сырттай әдепті болып көрінуі оған тыныш өмір сүруге көмектеседі. Алаяқтықтың зияндылығы да осында.
Сөйтіп, алаяқтық алдау деп өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келген ақиқатты бұрмалауды я шындық жайлы айтпай қалуды түсіну керек. Өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келмеген ақиқатты бұрмалау я шындық жайлы айтпай қалу – алдауға қастандық болып саналады, яғни аяғына дейін жеткізілмеген, толық емес.
Алаяқтық кезіндегі алдау мазмұны алаяқтық жасамақ тұлғаның әртүрлі жағдайларға байланысты шындықты бұрмалауы я оны айтпай қалуы.
Алаяқтық кезіндегі алдаудың мазмұнын әртүрлі, жәбірленушінің ойын шатастыра отырып алаяқтың шындықты бұрмалауына я айтпай қалуына қатысты жағдайлар құрайды. Сонымен қатар, уақытылы алдау мазмұны жайлы хабардар болған алдаудың бастапқы кезеңінде анықтап, алдаумен байланысты қылмыстан сақтануға мүмкіндік береді.
Мемлекетіміздің қылмыстық заңында меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа тиісті баға берілген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6 тарауында мемлекеттік және жеке меншікке қарсы қастандық қылмыстары үшін жауапкершілік тағайындалған. Олардың ішінде, меншікке қарсы қылмыстық қастандықтың кең таралған түрлерінің бірі ретінде алаяқтық ерекше орын алады.
Алаяқтықтың қылмыс екенін жұрттың бәрі біледі, бірақ, бұл қылмыспен күрестің көкейкестілігін әркім түсіне бермейді. Сондықтан, қауіпсіздік шаралары ретінде жеке байланыс бойынша егер сізге көшеде бейтаныс адам өзін алыс туысқаныңыз ретінде таныстырып, көмек сұрап белгілі бір ақша сомасын қарызға сұраса, бейтаныс адамға сеңбеу қажет. Оларды үйге шақырмаңыз. Туысқандарыңызға қоңырау шалыңыз және олармен кеңесіңіз. Ақшаңызды қайда сақтайтындығыңызды айтпаңыз және көрсетпеңіз.
Банк картасын бұғаттау бойынша: егер белгісіз тұлға өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, Сіздің қартаңыз бұғатталғаны немесе Сізге бонустар есептелгенін хабарласа, картаның нөмірін, пин-кодын хабарлауды немесе жақын жердегі банкоматқа барып, картамен қандай да бір қызмет жүргізуді сұраса, сенбеңіз. Банк қызметкерлері ешқашан картаның деректемелерін хабарлауды сұрамайды. Банкке хабарласып болған жағдай туралы айтыңыз. Ешқашан картаның артқы жағындағы үш таңбалы санды немесе СМС парольдер мен құпия сандарды хабарламаңыз.
Телефон қоңырауы немесе СМС хабарлама бойынша: Егер белгісіз нөмірден Сізге қоңырау шалып, туысқаныңыз қиыныыққа тап болғанын айтса, сұхбаттасушы сіздің туысқаныңызға шұғыл ақша қажет екендігін, соны курьерге немесе картаға аудару керектігін айтса, сенбеңіз. Ешқандай жағдайда ақшаны белгісіз адамдарға бермеңіз және аударым жасамаңыз. Тез арада туысқанға хабарласу қажет.
Жоқ субсидияны есептеу бойынша: Егер Сізге қоңырау шалып, өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып ақшалай субсидияны аудару сылтауымен картаның нөмірін және артқы жағындағы үш таңбалы санды сұраса, содан кейін телефонға келген СМС хабарламадан құпия санды сұраса, сенбеңіз. Карта деректері мен құпия санды СМС-тен алғаннан кейін алаяқтар сіздің картаңыздан ақша алады. Бұл ақпаратты ешкімге бермеңіз, әсіресе картаның артқы жағындағы үш таңбалы санды және СМС-і құпия сөзді.
Тегін медициналық тексеруге шақырту туралы: Егер сізді сұлулық салонына немесе медициналық орталыққа тегін тексеруге шақырса, «дәрігерлер» Сізге «қорқынышты диагноз» қойып және қымбат ем тағайындаса, егер сізде ақша болмай сол жерден несие алуды ұсынса, сенбеңіз. «Қорқынышты диагноз» жоқ. Сіз өзіңіздің емханаңыздағы дәрігермен және туысқаныңызбен кеңескенге дейін күмәнді медициналық орталықтарға бармаңыз. Ешқандай несиелік келісім-шартқа қол қоймаңыз.
Шымкент қаласының Полиция департаменті