Уақыттың аздығы алтын жүлдеден айырды. Осылай деген Шымкенттік жас балуан құрлықтық додада қарсыластарына оңайлықпен жол берген жоқ. Вьетнамның Дананг қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Мардан Орынбасар күміс медаль жеңіп алды.
Азияның 25 елінен жиналған 900-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жас балуан еркін күрестен 60 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Бірнеше қарсыласын айқын басымдықпен жеңген спортшы финалға дейін сүрінбей жетіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Биылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы еркін күрестен жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.
Мардан Орынбасар жарыс барысында жоғары техникалық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін көрсеткен. Ол тартысты белдесулерде өз мүмкіндігін толық пайдаланып, құрлықтың үздік жас балуандарының қатарынан көрінді. Финалдық кездесуде күміс жүлдені қанағат тұтқанымен, бұл нәтиже оның халықаралық аренадағы кезекті маңызды жетістігі.
Жас спортшы алдағы халықаралық жарыстарда алтын жүлде үшін күресуді мақсат етеді. Жаттықтырушылардың айтуынша, Мардан Орынбасардың жетістігі Қазақстандық жас балуандардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.