16 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін құқықтық кеңес алуға мүмкіндік бар. «Халыққа заңды көмек» акциясы аясында кәсіби мамандар көкейдегі сауалдарыңызға жауап береді. Заңды білмегендіктен қателікке жол беріп, құқығын қорғай алмай жататын да жағдайлар жиі кездеседі. Осы және өзге де мәселелерге тосқауыл қою мақсатында қолға алынған акция мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мамандардың айтуынша, аталған іс-шара оң нәтижесін берер болса, алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты халықты құқықтық тұрғыда ағарту болып табылады.