• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістанда халықаралық ІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

27.02.2020
0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен өткен «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбындағы Өзбекстан мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының 2-форумына қатысты.

Жиынға ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығы қатысты. Түркістан облысы әкімнің орынбасары М. Мырзалиев өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетін таныстырды. Өзбекстан Түркістан облысы мен жалпы Қазақстанның маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының Түркістан облысын дамытудағы маңыздылығын атап өткен жөн.

Форум аясында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының өңірлері арасында өзара ынтымақтастық туралы 7 келісім мен жалпы сомасы 50 млн. АҚШ доллары болатын 3 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Бұл шара аймақаралық қатынастарды одан әрі дамытып, нығайтуға ықпал етпек.

Екі елдің өңірлеріне инвестиция тарту аясында Түркістан облысының әкімі мен Ташкент және Сырдария облыстарының хокимдері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оның ішінде Түркістан облысы мен Ташкент облысының Кәсіпкерлер Палатасы өңірлерге инвестиция тарту аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, Түркістан мен Нұрафшон қалаларының әкімдіктері арасында инвестицияларды бірлесіп тарту және экспортты өзара дамыту туралы келісімге қол қойылды. Әкімдіктер инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және екі қаладағы туристік айналымды өзара ұлғайту туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, форум кезінде қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасы мен Түркістан облысының бірлескен туризмі бастау алатын Жібек жолы бойынша құрамдастырылған турларды қоса алғанда, «Алтын квадрат» жаңа және қазіргі заманғы туристік бағыттары әзірленуде. Осыған байланысты, форум аяқталғаннан кейін Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Бұхар өңірлері арасында осы облыстардың туризм нысандарын бір бағытқа қосатын туристік кластерді құрудағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы төрт жақты келісімге қол қойылды.

Түркістан облысы туризмнің ордасына айналады. Түркістан-туризмі тартымды,емге дауа, жанға шипа болатын нысандарымен мақтана алатын, тұмса табиғаты көздің жауын алатын көрікті мекен. Сондай әр қырын дамыту арқылы туристерді тартуға зор мүмкіндік беретін еліміздегі тарихи, тылсым мекеннің бірі де бірегейі. Былтыр өңірге 2 миллионға жуық адам қонақ болған.

Облыстың жаңа тарихы басталған сәттен бастап қалада автокөлік жолдарының құрылысы, сондай-ақ 3 млн.адам қабылдауға қауқарлы жаңа халықаралық әуежай құрылысы қарқынды жүруде. Облыс басшылары аталған іс-шаралар мен қажетті инфрақұрылым құрылысы отандық және шетелдік туристік ағынның ұлғаюын қамтамасыз ететініне сенімді.

Түркістан ағымдағы жылдың күзінде өтетін түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесінің Саммитін өткізуге дайын деп айтуға болады. Бүгінде Түркістан қаласында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандар, соның ішінде «Ұлы Жібек жолы дәстүрлі қолданбалы өнер ұлттық орталығы», аумағы 7 000 шаршы метрді құрайтын амфитеатр, музыкалық субұрқақ, шығыс моншасы, әлемдік деңгейдегі мұражайлар, тарихи орталықтар бой көтерді. Сондай-ақ, Конгресс холының, «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы, «Риксос» және «Хилтон» сияқты әлемдік стандартты қонақ үйлердің құрылысы, Х. А. Ясауи мұражайы және т.б. жүргізілуде. Шаһарда 24 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 73 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мырзаның сыйға тартқан аумағы 80 га болатын мешіттің құрылысын атап өткен жөн.

Аймақ басшылары бұл шаралар мен қажетті инфрақұрылымның құрылуы ішкі және шетелдік туристердің санын арттыратынына сенімді. Осы орайда, Түркістан күзде өтетін түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитін өткізуге дайын екендігін атап өту қажет.

Форум барысында екі елдің жетекші кәсіпорындарының көрмесі өтіп, онда Түркістан облысының кәсіпкерлері қатысушыларды өңірдің туристік бағыттары мен өндірілетін өнімдермен жан-жақты таныстырды. Атап айтқанда, туризм басқармасы және «Turkistan tourism centr» туристік ақпараттық орталығы, «ShimTour» және «Quansh tour» туристік компаниялары, «Industry Tourism Association Of Central Asia» («ITA Of CA») туристік компаниялары, «Сарыағаш Тур», «Сапар Сарыағаш» компаниясы және «Сарыағаш ЕСК» шипажайы өздерінің туристік жарнамалық материалдарын ұсынып, форум қатысушыларын өңірдің туристік әлеуетімен таныстырды.

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Қайып-ата» ЖШС, «Ордабасы Құс» ЖШС, «Dala Fruit.kz» ЖШС, «CG Foods Central Asia» және қолөнерші Г. Б. Кунходжаев өз өнімдерімен жан-жақты таныстырды.

Форум аясында 2020 жылдың қазан айының екінші жартысында Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстанның 3-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтетіні туралы шешім қабылданды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.