• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев

11.02.2020
0

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қордай ауданындағы оқиға туралы мәселе және оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының атқарған жұмысы қаралды.  

Премьер-Министр Асқар Мамин өткен жұма күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік орын алғанын еске салды. Өкінішке орай, қайғылы оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты, 178 адам зардап шекті. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға, азаматтардың мүліктеріне залал келтірілді.

Бұл күндері Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы жұмыс істеді.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бердібек Машбекұлы Үкімет комиссиясын басқаруды жалғастырады», — деді А. Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Үкімет комиссиясының жұмысын жалғастыруды тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Б. Сапарбаев атап өткендей, бүгінде Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Жергілікті атқарушы органдар барлық құқық қорғау органдарының қолдауымен жұмыстар жүргізуде. Соңғы 5 күнде 141 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 19 — полиция қызметкері. 10 адам қаза тапты. Қазақ тапқандардың отбасыларына әкімдік пен жергілікті демеушілердің есебінен көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан әр отбасыға көңіл айтты.

Бүгінде медициналық көмекпен Қордай аудандық ауруханасында — 13 адам, Алматы қаласында — 25 адам қамтылды. Алматыдан Қордай ауданына 10 жоғары білікті дәрігер келді.

«Қырғызстанға кеткен барлық 9 адамды біз алдымен Алматыға әкелдік, сосын Таразға жеткіздік. Қазір ол жақта адам жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», — деді Б. Сапарбаев.

Бүгінде Үкімет комиссиясы жергілікті тұрғындардың көмегімен өртенген үйлер мен коммерциялық нысандарды қарап, тексеріп жатыр. Алдағы 1-2 күнде Комиссия олардың нақты саны туралы және зардап шеккендердің қандай көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат береді.

«Бұл үш күнде біз 5 ауылдың тұрғындарымен кездестік, оларға қандай көмек көрсетілетінін нақтыладық. Жалпы, тұрғындар жағдайды дұрыс түсініп отыр. Кеше біз ақсақалдармен кездестік, олармен сөйлестік», — деді Б. Сапарбаев.

Үш күн ішінде кейбір азаматтар Қырғызстанға кетіп қалған. Б. Сапарбаевтың айтуынша, екі күн ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылды.

Кешеден бері барлық мектептер, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, барлық дүкендерде де жұмыс басталды.

«Қазір тұрғын үйлер мен сауда нысандарын салуға жергілікті құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындар тартылатын болады. Біз бизнесмендермен — Қордай ауданының тумаларымен жұмыс істейміз, олар көмектесуге әзір. Олардың мүмкіндіктерін пайдаланатын боламыз. Барлық жағдай бақылауда. Барлығы қалпына келеді деп ойлаймын. Әрине, кейбір мәселелер бар, оларды жақын арада шешетін боламыз», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

primeminister.kz сайтынан алынды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды  шара отандық брендтер мен...

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.