Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден астам жас спортшының арасынан өзара мықтылар анықталады. Биылғы жарыстың ерекшелігі — дүбірлі додаға әлемдік аренадағы танымал гимнастшы Яна Батыршина арнайы қонақ ретінде қатысты.
Шымкенттегі көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы 400-ден астам спортшының басын қосты. Жарысқа Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларынан және Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан келген гимнастшылар қатысуда. Турнирдің басты мақсаты — көркем гимнастиканы кеңінен насихаттау, жас спортшылардың шеберлігін арттыру. Сонымен қатар бұл дода қатысушыларға тәжірибе алмасып, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.
Салтанатты іс-шараға 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері Яна Батыршина мен Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова арнайы қатысты. Қазіргі таңда Яна Батыршина Қазақстанға арнайы келіп, көркем гимнастика туралы бағдарламасына түсірілім жүргізіп жүр. Ол гимнастиканың қыр-сырын, спортшылардың дайындық барысын және чемпиондардың бүгінгі тыныс-тіршілігін көрсетуге ниетті. Танымал спортшы жас гимнастшылардың өнерін тамашалап, олардың талантына жоғары баға берді. Сондай-ақ қыздарға өз күшіне сеніп, армандаудан ешқашан шаршамауға кеңес берді.
Бүгінде қаладағы №9 көркем гимнастикада мектебінде 400-ден астам спортшы жаттығады. Оларға 38 жаттықтырушы мен хореограф бағыт-бағдар беріп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға көмектеседі. Ал бүгінгі жас гимнастшылар көркем гимнастиканың өздеріне ерекше ұнайтынын айтады. Олардың пікірінше, жарыстағы ең қиын қарсылас — өзің, өйткені әрбір жаттығуда өзіңді жеңіп, кешегіден де жақсы нәтиже көрсету маңызды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатына қатысатын Шымкент қаласының құрама командасы жасақталады. Ал жас спортшылар үшін бұл дода — арманға бір қадам жақындап, өз мүмкіндігін дәлелдейтін маңызды белес.
site-verification-ok
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare